Украинаның Донецк облысында түрмеге жасалған зымырандық шабуылдан 53 адам қаза тауып, 75-і жараланды. Қаза тапқандардың ішінде украиналық әскери тұтқындар болса керек.
Түзеу мекемесіне кімнің шабуыл жасағаны әзірге белгісіз. Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, оған Украина армиясы Американың «Хаймарс» зымыран жүйесімен соққы берген. Бұны жоққа шығарған Киевтің мәлімдеуінше, Ресей тұтқындарды азаптағанын жасыру үшін түрмені ракетамен атқылады.
Арыстан Рысбек