Елордада «Мен қазақтың баласы» атты жас ақындардың айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Мен қазақтың баласы» атты жас ақындардың айтысы өтті

29.07.2022

Сөз өнерін әспеттеген жыр додасына 12-14 жас аралығындағы жасөсіпірімдер қатысты. Жас таланттар ел тарихын, әдебиеті мен мәдениетін жырлап қана қоймай, мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін паш етіп, жырға қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өнер додасын балалар арасында насихаттаудың басты мақсаты ұлтжанды жастарды тәрбиелеу, оларды елге адал қызмет етуге үндеу. Келешекте, жасөспірімдерге арналған Ұлттық рәміздер туралы өлеңдер жинағы жарық көрмек.

Асылбек Байжұмаұлы, Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры:
Елтаңбамыз ең әдемі елтаңбалардың қатарында 9-шы орын алады. Ал біздің мемлекеттік туымыз түрлі 30 жылдың ішінде әлемдік деңгейдегі спорттық сайыстарда төрт мың рет көтерілген. Ғарышкер Айдын Айымбетовпен бірге ғарышты 150 рет айналып шыққан. Эверстке тігілген. Оңтүстік, солтүстік полюстерге тігілген. Сондықтан да осы туымызды жастарға насихаттау жұмыстарын жүргіземіз.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу