Елде шетелдік көліктерді уақытша алып келетіндердің көбейіп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде шетелдік көліктерді уақытша алып келетіндердің көбейіп кеткен

28.07.2022

Үшінші елдерден әкелінген автокөліктерді тек кедендік бақылаудан өткізіп, салық пен қосымша төлем жасаған соң ғана елде айдауға болады. Кірістер комитеті соңғы кезде елде шетелдік көліктерді уақытша алып келетіндердің көбейіп кеткенін айтты. Олар Грузия мен Әзірбайжан азаматтары. Автомобильді шекарадан өткізген соң, белгілі бір уақыттан кейін иесі елден кетіп қалады екен. Мамандар Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына уақытша әкелінген көлік шетелдік тауар болып есептелетінін ескертеді. Сондықтан оны бір жылдан соң елден алып кету шарт. Қазір 116 автокөлік уақытша сақтау қоймасында тұр. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу