Еліміздегі ақбөкендерді қорғаудың жолдары пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі ақбөкендерді қорғаудың жолдары пысықталды

28.07.2022

Елімізде киіктер санын реттеуді ғалымдармен және қоғаммен ақылдаса отырып шешу қажет. Қазақстан халық партиясы экологтармен, шаруа қожалықтарының өкілдерімен және белсенділермен осындай ұсыныс жасап отыр. Ақбөкендер мекендейтін аймақтардағы ауыл шаруашылығы жерлерін босату қажет. Немесе алқаптарды қоршап, тас жолдарда ақбөкендер өтетін арнайы жолдар жасау керек, - дейді партия өкілдері. Бүгінгі таңда түз жануарынан зардап шеккен фермерлерге мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету де маңызды. Халықаралық деңгейде келіссөздер жүргізіп, киіктерді көршілес Ресей, Өзбекстан, Моңғолия даласына да көшіру жолдарын қарастыруға болады. Фермерлер елде киік шаруашылығын дамытуды жөнге қою керек деп отыр.

Мадияр Әлжаппар, шаруа қожалығының басшысы:

Батыс Қазақстан популяциясының жүретін аймағында, Бетпақ дала аймағында киікті ұстайтын шаруашылықтар ашу керек. Біз сол жолдың бәрін жауып тастап, қазір оларға жүретін жер бермей, көбейіп кетті деп дабыл қағып отырмыз. Шын мәнінде киіктер бізге емес, біз киіктерге зиян келтіріп жатырымз. Қолға үйретіп, тек қана үйрету арқылы көшіруге болады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу