Есірткі сатумен айналысып келген ақтаулық тұрғын 11 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткі сатумен айналысып келген ақтаулық тұрғын 11 жылға сотталды

28.07.2022

Ақтауда аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан тұрғын 11 жылға бас бостандығынан айрылды.

Оны тінту кезінде шалбарының қалтасынан психотроптық заттардың бірнеше түрі табылған. Ол есірткіні көзге арналған линзаның қораптарына жасырып қойған. Осыдан кейін полицейлер оның пәтерін тінтіп, екі сөмкеге салынған 4 бума есірткі мен 3 линза қорапшасындағы психотроптық заттарды тәркіледі. Аса ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтап, тасымалдап сатқаны үшін ол темір торға тоғытылды. Сол үкімі күшіне енді. 

Хабарламаларға жазылу