Бұған дейін қазақ тарихын өзге адамдар жазып келді. Мемлекеттігіміздің мектебін қалыптастыруға ықпал еткен қасиетті жерлеріміз, олар туралы ұғымдарды ескермеді, кейде әдейі көз жұма қарады.
Сөйтіп тегі түркі, заты қазақ халқымыздың көшпенді ел екені мәлім болғанымен, өзіне ғана тән өркениеті, мәдениеті тасада қалды.
Елбасы ұлтымыздың ұясы болған Ұлытау төрінде берген сұхбатында осындай этногенездік орталықтарымызды барынша тарих бетіне түсіру, мемлекеттігіміздің ерте қалыптасқанын насихаттау қажеттігі туралы айтып өтті.
Сонау XV ғасырдың ортасындағы Алтын Орданың ыдырап, ел руға бөлініп кеткен тұстағы Ұлытау өңірінде болған бір ғана тарихи жайт осыған нақты мысал бола алады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ