Ақтөбеде «Туған жер — тұнған тарих» атты жаңа жинақ жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Туған жер — тұнған тарих» атты жаңа жинақ жарық көрді

08.03.2015
Ақтөбеде «Туған жер — тұнған тарих» атты жаңа жинақ жарық көрді

Ақтөбеде «Қазақ и Я» қоғамдық қоры тарапынан шығарылған «Туған жер — тұнған тарих» атты жинақтың таныстырылымы өтті.

Жинаққа түрлі ғылыми-конференция, дөңгелек үстелдер мен өлкетану бағытындағы баяндамалар, тарихи  деректер топтастырылған.

Сонымен қатар, жинақта облыс аумағында дүниеге келген батырлар, ақын-күйшілер және басқа да өнер адамдары туралы мәліметтер берілген.

Жаңа жинақ өлкетанушыларға,  музей, кітапхана қызметкерлеріне, студенттер мен мұғалімдерге және көпшілік оқырманға арналған.

Хабарламаларға жазылу