Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасынан 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Кейін анықталғандай кен орнына жақын маңдағы ауылдың үш тұрғыны - алтын іздеп қараусыз қалған шахтаға өз беттерінше түскен. Ешқандай қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, олар 600 метр тереңдікке түскен. Төменге құлағанда бірі мерт болған. Екіншісі ауыр жараланған. Қазір ол ауруханада. Ал аман қалған үшінші азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы биыл осы өңірде заңсыз кен өндірумен айналысқан 600-ге жуық адам жауапқа тартылған.
Дәуренбек Әбдібек