Елімізде зергерлік бұйымдардың бағасы шарықтап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде зергерлік бұйымдардың бағасы шарықтап барады

26.07.2022

Елімізде зергерлік бұйымдардың өндірісі артқанына қарамастан, бағасы шарықтап барады. Былтырмен салыстырғанда 35 процентке қымбаттаған. Сағат құны 15 процентке өскен. Неке жүзігінің де бағасы көтерілген. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, әсіресе Солтүстік Қазақстан, Алматы облысы мен елордада бұл тауарлар қымбат. Зергерлік бұйымдардың Қазақстандағы өндірісі жарты жыл ішінде 478 млн теңгеден асты. Пандемия басталған кезеңге қарағанда шамамен 2 есе артып отыр. Дегенмен зергерлік бұйымдардың көлеңкелі айналымы 90%-ке жеткен. Ресми дерек бойынша 2017-2018 жылдары Қазақстанға 81 млн доллардың зергерлік бұйымы импортталғанымен, Түрік зергерлік қауымдастығы тек 2017 жылдың өзінде 267 млн доллардың бұйымы біздің елге жеткізілгенін хабарлаған еді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу