Енді ауыл шаруашылығы техникасы жеңілдетілген несиемен беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді ауыл шаруашылығы техникасы жеңілдетілген несиемен беріледі

26.07.2022

Биыл ауыл шаруашылығы техникасы жеңілдетілген несиемен беріледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері бағдарламаның жыл соңына дейін басталатынын хабарлады. Қазір оның шарттары пысықталып жатыр. Ал лизингтік қаржыландыруға «Жасыл Дамудан» ақша бөлу мәселесі қарастырылуда. Бұған дейін ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен сатып алуға 3,5 млрд теңге бөлінгенін айтқанбыз. Ал барлық шығынын ескергенде лизингтік қаржыландыру көлемі 7 млрд теңге. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі» операторының ақшасы есебінен шаруашылық техникасын алуға жеңілдікпен несие беру тетігін енгізуді тапсырған.

Ақерке Бектас 

Хабарламаларға жазылу