Газ толтыру станциясында болған өрттен 4 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газ толтыру станциясында болған өрттен 4 адам зардап шекті

26.07.2022

Елордадағы газ толтыру станциясында болған өрттің кесірінен 4 адам зардап шекті. Олардың бәрі ауруханада жатыр. Үшеуінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Қызыл жалын 2 мың шаршы метр жерді шарпыған. Ғимараттар бір-біріне өте тығыз орналасқандықтан,  6 кәсіпорынның сау-тамтығы қалмай жанып кеткен. Түнгі ондардың шамасында тұтанған өрт толық сөнгенімен, әлі де бықсып жатыр. Зардап шеккен цехтың жұмысшылары кеше кешкісін сағат алтылардың шамасында газдың иісі шыққанын айтады. Ғимараттың астында газ цистернасы болған көрінеді. Қызыл жалынның нақты неден шыққаны белгісіз. Қазір оқиға орнында төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бекболат Оразханұлы, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД анықтау бөлімінің аса маңызды істері бойынша аға анықтаушысы:

Өрттің шығу себебі анықталуда. Оны нақты өрт қауіпсіздік қызметкерлерінің зерттеу қызметкерлері анықтаған кезде толық айтатын боламыз. Аумақтың қожайынына газдың иісі шығу бойынша сұрақтар қойылған болатын. Алайда ешқандай газдың иісі сезілмегенін айтады. 


Хабарламаларға жазылу