Атырау облысында жеңіл автокөлік жүргізушісі тас жолдан өтіп бара жатқан қойларды қағып кетті. Оқиға Жантерек елді мекенінің тұсында болған. RAVON теміртұлпары барлығы 24 бас ұсақ малды таптаған. Оқиға салдарынан шаруаға 1 млн 200 мың теңге материалдық шығын келді. Полиция шопанға қатысты әкімшілік іс қозғап, хаттама толтырды. Ол енді малды белгіленбеген жерден өткізгені үшін заң алдында жауап бермек.
Жандос Темірғали