Дәстүрлі дін лидерлерінің съезі жаһандық пандемиядан кейін өз жұмысын жалғастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәстүрлі дін лидерлерінің съезі жаһандық пандемиядан кейін өз жұмысын жалғастырады

22.07.2022

Дәстүрлі дін лидерлерінің съезі жаһандық пандемиядан кейін өз жұмысын жалғастырады. Соңғы рет мәртебелі жиын 2018 жылы өткен болатын. Қыркүйекте елімізге әлемдік және дәстүрлі дінбасылары, сондай-ақ конфессия өкілдері келеді деп күтілуде. Съезде пандемия кезінде байқалған тенденцияларға баға беріліп, діндер арасындағы өзара құрметтеу мен түсіністік таныту мәселелеріне баса назар аударылады.

Юрий Новгородов, архиепископ:

Пандемияға дейін өмірді қазіргі өмірмен салыстыруға мүлдем келмейді. Адамдардың көзқарасы өзгерген. Оның ішінде дәстүрлі құндылықтардың да құнсызданып бара жатқанын аңғару қиын емес. Діндер съезінде осы мәселелер ортаға салынады деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу