Қызылорда облысында Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығы іске қосылды

22.07.2022

Қызылорда облысында Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығы іске қосылды. Азаматтық қоғам институтының өкілдері енді қаланың сол жақ жағалауында орналасқан ғимаратта түрлі шаралар өткізіп, облыстың дамуына үлес қоспақ.

Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі:

Азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың мемлекет пен қоғамда алар орны орасан. Қоғамдық даму басқармасы сол жағалауда орналасқан «Рухани жаңғыру» орталығын ҮЕҰ үйі ретінде ашуды тапсырамын. Бұл ғимарат ҮЕҰ өкілдерінің, ел үшін еңбек етіп жүрген белсенді азаматтардың ресурстық орталығына айналуы тиіс.

Үкіметтік емес ұйымдар жергілікті әкімдікпен бірлесіп, түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. Әлеуметтік, қайырымдылық, экологиялық тақырыптарда шаралар өткізіп, қоғамдағы өткір мәселелерді көтеріп жүр. Бүгінде облыс бойынша 1200-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар бар. Азаматтық қоғам институтының өкілдері енді жаңадан іске қосылған орталықта шоғырланып, елдік мүдде жолында бірлесіп қызмет істейтін болады. Мұнда семинар-тренингтер мен дөңгелек үстелдер, конференциялар мен кездесулер ұйымдастырылады.

Шахмардан Байманов, Облыс әкімі аппаратының басшысы:

Қазіргі таңда облыста ҮЕ өкілдері жылдан жылға көбейіп келеді. Бұл азаматтық сектор негіздерінің күшейіп, қоғамдағы азаматтық жауапкершілікпен белсенділіктің артқанын көрсетеді. Өңірлік ҰЕҰ өзара іс қимыл және ынтымақтастық жөніндегі облыс әкімдігі жанындағы кеңес жұмыс жасайды

Серік Ерімбетов, «Сұлу жүректері» жеке қорының жетекшісі:

Кешегі пандемия кезінде де офис таба алмай сүйтіп қиналған кездеріміз де болды. Қазір Құдайға шүкір мына ашылып жатыр, өте қуаныштымыз. Бұл жерде тек қана үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы емес, мемлекетпен тікелей байланыста болатынын біліп жатырмын


Хабарламаларға жазылу