Қорғаныс министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған «82 млрд теңгеге бронды техника сатып алуға» қатысты ақпараттың бұрмаланғанын мәлімдеді.
Министрліктің хабарлауынша, бұл қаржы – 8 жылда сатып алуға жұмсалатын техниканың сомасы. Тараған ақпаратта «Қазақстан әскері 82 млрд-тан астам қаражатқа 168 «Арлан» бронды техникасын сатып алады, бұл техника Қазақстанға 2023 жылы жеткізіледі» делінген. Алайда министрлік дұрыс сома көрсетілмеген ақпарат қайталанып жарияланғанын хабарлады.