Балалар жазғы демалысқа 1 маусымнан шығады – министрлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар жазғы демалысқа 1 маусымнан шығады – министрлік

21.07.2022

Бұдан былай оқушылар жазғы демалысқа 1-маусымнан бастап шығады. Бұл Оқу-ағарту министрлігінің шешімі.

Қосымша оқу апталарының қосылуы - мұғалімнің де, оқушының да күнделікті оқу жүктемесін азайтады. Алты күндік көптеген мектеп жаңа талапқа сай бес күндік оқу аптасына ауыса алады. Бұл педагогтер жұмысының тиімділігін арттырып, оқушылардың материалды меңгеруіне ықпал етпек. Ведомоствоның баспасөз қызметі осылай дейді. Оқу-ағарту министрлігі мамандардың ұсынысы мен ғылыми зерттеу нәтижелеріне қарап осындай шешімге келіп отыр.


Хабарламаларға жазылу