Киік санын реттеу шаралары ғалымдардың шешімінен кейін қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киік санын реттеу шаралары ғалымдардың шешімінен кейін қабылданады

19.07.2022

Киік санын реттеу шаралары ғалымдардың шешімінен кейін қабылданады. Бүгін орталық комуникациялар қызметінде экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев осылай деді. Ведомства басшысының айтуынша ғылыми орталықтарға ұсыныстар берілді. Зоология институты зерттеуді бастады. Ал ғалымдардың шешімі бірер жылға созылуы мүмкін. Сондықтан әзір дала жануарының санын реттеуге байланысты нақты шешім қабылданбайды, дейді министр. Айта кетейік, биыл киік басының саны 1 млн 318 мыңға жетіп отыр.

Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

Киік санының динамикасын талдай отырып, 1980 жылдан бастап жаппай қырылуының 11 жағдайы, орташа алғанда әрбір 3 жарым жыл сайын байқалды. Тиісті ғылыми зерттеулер болмауына байланысты жаппай өлім-жітімді болжау мүмкін емес. Сондықтан киік санын ауыру мен ауытқу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды.


Хабарламаларға жазылу