Батыс Қазақстанда киік санын реттеу күзде жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда киік санын реттеу күзде жалғасады

15.03.2024

Киіктің санын реттеу күзде жалғасады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысына барған Экология министрі айтты. Жұмыс сапарымен жүрген Ерлан Нысанбаев жұртшылықпен кездесіп, өзекті сұрақтарға жауап берді. Өткен жылғы төлдеуге дейінгі ресми санақ бойынша, өңірде 1 млн 130 мың бөкен бар. Биылғы киік санағы сәуірде басталады. Түз жануарын қорғау әрі реттеу ісімен "ОхотЗооПром" мекемесі айналысады. Жиында орман шаруашылығында жұмыс істейтін тракторшылар жалақысының төмендігі, техника тапшылығы, кәсіби маман жетіспейтіні туралы мәселе көтерілді. Қоқыс қалдықтарының тарифі, қалдықты қайта өңдеу зауыттарын салу, ағаш егу, полигон зардабы, ауаның ластануы жайлы да сұрақтар қойылып, тұшымды жауап берілді.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Осы көктемде ғылыми-зерттеу жүреді. Соның нәтижесі бойынша ғалымдар билогиялық негіздемесін береді. Соған қарап біз реттеуді жалғастырамыз. Былтыр бір күрделі нормативтік-құқықтық акт үлгермей, 20 күнге кешіктік. Биылғы жылға біз дайынбыз. Көп нәрсені басқаша жасаймыз.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу