Елімізде көлік сатушы делдалдар салықтан жалтаруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде көлік сатушы делдалдар салықтан жалтаруда

19.07.2022

Қазақстандықтар шетелден әкелетін көлік құнын әдейі төмендетіп көрсетеді.

Салдарынан қазынаға қыруар қаржы түспеген. Мемлекеттік кірістер комитеті жыл басынан бері көлік салығына байланысты 53 млн доллардың көлеңкеде қалғанын айтады. Комитеттің мәліметінше, биыл 1164 автокөлік елге әкелінген. Дегенмен олардың құны құжатта 300 доллардан 3000 долларға дейін төмендетіп  көрсетілген. Ірі кәсіпкерлер мен көлік делдалдары осылайша салықтан жалтаруда дейді мамандар.   

Хабарламаларға жазылу