Бортына 11 тонна қару-жарақ тиеген украиналық ұшақ Грекияның Кавала қаласының маңында апатқа ұшырады.
Транспорттық лайнер Сербиядан көкке көтерілген. Оның бортында болған 8 адамның барлығы қаза тапты.
«Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, опат болғандар – Украина азаматтары. Әзірге, ұшақтың бұл елдегі қарулы қақтығысқа қатысы бар ма, жоқ па - ол жағы белгісіз. Сербияның қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұшақ Бангладешке қару-жарақ, оның ішінде жаяу әскерге қарсы миналар тасымалдаған.
Лайнердің қозғалтқышында ақау шығып, пилот Грекияның Кавала қаласына шұғыл түрде қонуды сұрағанымен, ұшып-қону жолағына жете алған жоқ. Ұшақ әуеде жанып кеткен. Ауаға улы заттардың тарауына орай апат орнына жақын маңдағы тұрғындарға үйден шықпау туралы бұйрық берілді. Оқиға орны қауіпсіз деп танылғанша, бұл жерге жарылғыш заттарды зерттейтін мамандар жіберілмейді.