Испанияда ондаған орман өрті тіркелді.
От 4600 гектардай аумақты шарпыған. Малага провинциясында 3 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күні-түні күресіп жатыр. Тікұшақтар да тартылған. Елде өрт өткен бейсенбіде тұтанды. Оны сөндіруге 45 градус аптап ыстық пен күшті жел кедергі келтіріп жатыр. Айта кетсек, күннің шыжуы тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп тұр.
«Рейтердің» дерегінше, мұндай ауа райы 360 адамның өліміне себеп болған. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітерлік емес. Елде ыстық ауа-райы әлі де сақталады.