Бүгіннен бастап көмір сатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап көмір сатылады

15.07.2022

Бүгіннен бастап көмір сатылады. Тұрғындарға жылыту маусымына қазірден қамданып, қатты отынды сатып алу керек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай ұсыныс айтып отыр. Алдағы қыста шамамен 9,5 млн тонна көмір қажет. Оның 2,8 млн тоннасы коммуналдық-тұрмыстық секторға қарастырылған болса, 6 млннан артығын халықтың қажеттілігіне керек. Осыған байланысты, биыл тұрғындарға көмірді ертерек сатып алу ұсынылып отыр. Сондай-ақ, Қайырбек Өскенбаев жауапты тұлғаларға жылыту маусымына дайындықты назарда ұстауды тапсырды.

Ілияс Оспанов, ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы:

Өткен жылдары көмір тапшылығы болды. Енді осы жолы соны болдырмау үшін, халыққа алдын ала дайындық бойынша көмірді ерте сатып алуды ұсынып отырмыз. Жалпы Қазақстанда көмір жетеді. Ең бастысы ол көмірді, станцияға уақытында жеткізу. Баға мәселесі мемлекет тарапынан бақылауда. Қазіргі баға 9-12 мың аралығында сақталып отыр.


Хабарламаларға жазылу