Антикор басшысы жауапсыз мердігерлерді тәртіпке салмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антикор басшысы жауапсыз мердігерлерді тәртіпке салмақ

14.07.2022

Біз барлық ірі мердігерлерді және олардың артында кімдердің тұрғанын білеміз. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін іле шала жиын өткізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы айтты. Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын орындау аясында өткізген кеңесте Республикалық және жергілікті жолдарды салу кезіндегі кеткен қателіктердің барын жеткізді. Осыған байланысты басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, тәртіп орнатамыз деп бекініп отыр. Сонымен бірге адал бизнестің жұмысына ешкімнің араласуына жол берілмейтінін жеткізді. Антикор басшысы барлық бөлімше жетекшілеріне жол құрылысы мәселесі бойынша дереу егжей-тегжейлі ақпарат беруді тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының баға белгілеуді бақылау, білім беру және денсаулық сақтау салаларында, жаңа ұлттық жобаларды әзірлеу мәселелеріне қатысты тапсырмаларын талқылады.


Хабарламаларға жазылу