Қасым-Жомарт Тоқаев: Медицина саласындағы қордаланған мәселелер шешімін таппай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Медицина саласындағы қордаланған мәселелер шешімін таппай отыр

14.07.2022

Ана өлімі де өсуде, сәбилердің өлімі көбейді. Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл шаралар қабылдап, осы мәселені шешуді тапсырды.

Мемлекет басшысы перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма берген болатын. Алайда барлық жұмыс аудит деңгейінде тоқтап қалған. Қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес.

Қазақстанда созылмалы ауру салдарынан қайтыс болу көрсеткіші өте жоғары. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда біздегі ахуал өте нашар, деді Президент.

Жалпы медицина саласына бөлінген қаржы көлемі артқанымен, мұнда қордаланған мәселелер шешімін таппай отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тиімді болмады, нақты нәтиже жоқ. Үш млн-ға жуық адам медициналық сақтандырудан тыс қалған. Соның кесірінен олар денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді толық пайдалана алмайды. Президент саладағы олқылықтарды тездетіп шешуді тапсырды.

Хабарламаларға жазылу