Енді несиесі көп адамдар банктерден жаңа қарыз ала алмайды.
Мемлекет басшысы сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша заңға қол қойды. Оған сәйкес енді кредиттік бюроға несиелер бойынша ақпарат 15 күн емес, 1 күнде беріледі. Сонымен қатар микрокредиттік мекемелердің ең шекті пайыздық үстемесі екі есе қысқартылып отыр.