Солтүстік Қазақстан облысында дүлей дауыл соғып, мектептің шатырын ұшырып әкетті.
Дауыл Тайынша ауданындағы Чермошнян орта мектебін шатырсыз қалдырды. Жел шамамен 924 шаршы метр аумақты зақымдаған. Зардап шеккендер жоқ. Себебі шағын орталықтағы бүлдіршіндер бұл кезде жазғы сауықтыру шараларына қатысып жатқан, ал оқушылар каникулда. Ұстаздар еңбек демалысында жүр.
Бұл білім ордасына 2008 жылы ғана күрделі жөндеу жүргізілгенін айта кеткен жөн .