Әлемдік опера өнерінің жұлдызы Америка Құрама Штаттарындағы Бостон балетінің премьері Лаша Хозашвили бүгін «Астана Опера» театрында өнер көрсетті. Ол Петр Чайковскийдің «Аққу көлінде» спектаклінде Зигфрид шахзаданың партиясын орындады.
Ал, Қазақстан балетінің мақтанышы Әйгерім Бекетаева - оның сыңары Одетта-Одиллияны сомдады. Әртіс спектакль алдындағы сұхбатында Астанада өтіп жатқан әлемдік деңгейдегі «Жібек Жолы» байқауына қатысып, өнер көрсету жолындағы үлкен жетістігі екенін айтып ағынан жарылды. Айта кету керек, балет-спектакль көрерменге тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Жібек Жолы» халықаралық фестивалі аясында ұсынылды.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ