Режиссер Талғат Теменов халықаралық марапатқа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Режиссер Талғат Теменов халықаралық марапатқа ие болды

24.08.2020

Белгілі режиссер Талғат Теменов халықаралық марапатқа ие болды. Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрдың көркемдік жетекшісі «Достастық жұлдызы» мемлекетаралық сыйлығының лауреаты атанды. Ақжолтай хабарды күні бұрын естіген режиссер марапатты қазақ фильмінің ортақ жеңісі деп есептейді. 

Айта кетейік, «Достастық жұлдызы» ғылым мен білім, мəдениет пен өнер, гуманитарлық қызмет саласында биік жетістікке жеткен азаматтарға беріледі.

Талғат Теменов, кино жəне театр режиссері, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік драма театрдың көркемдік жетекшісі:

- Жаңа ғимаратқа көшердің алдында біздің театр үшін шашудың белгісіндей болып тұр. Алдымызда үлкен-үлкен жоспарлар бар. Бұл жалғыз менің емес, қазақ өнерінің қуанышы.

Хабарламаларға жазылу