Талдықорғанда қала күні мерекеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда қала күні мерекеленді

27.09.2014
Талдықорғанда қала күні мерекеленді

Талдықорған қаласының 150 жылға жуық тарихы бар екені баршаға аян. Алайда, мамандар шаһардың тарихы одан да тереңде, дейді.

Бүгін жер жәннаты Жетісудың бас шаһары төл мерекесін атап өтті.

Қала күніне Талдықорғанның жасы мен жасамысы түгелдей жиналды.

Еңбегімен еленген бір топ аға буын мерекеде Талдықорғанның Құрметті азаматы атанды.

Сондай-ақ, аспазшылар алып торт әзірлеп халыққа таратты. Талдықорғанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Олар да өз өнерлерімен шашу шашып, тұрғындарды шаттыққа бөледі. Бұл күні барлық сахнада негізінен Талдықорған туралы әндер шырқалды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу