Санкциялардың салдарынан Ресейді қымбатшылық жайлады. Әсіресе коммуналдық төлемдер мен әуе билеттерінің бағасы шарықтаған.
Индира Бегайдар, тілші:
Соңғы үш күнде рубль әлсіреп барады. Экономистер инфляция 23 пайызға жетеді деп болжап отыр. Төрт аптада азық-түлік бағасы да өскен. Техника, ұялы телефон 200 пайызға қымбаттады. Сонымен қатар, ірі, танымал тағам сату желілері Ресейден кететінін мәлімдеді.
Лейла Факерман, Мәскеу қаласының тұрғыны:
Баға өскенімен, айлық көтерілген жоқ. Барлық шығынды қысқарттым. Тек коммуналдық төлемдер мен азық-түлік алуға жетеді. Нан, макарон өнімдері, сүт бірнеше есе қымбаттады.
Жүргізілген зерттеуге сәйкес, санкциялар пакеті Ресейде орналасқан 86 компанияға зиян келтірген. Онымен күресуге 160 млрд рубь бөлінді, алайда бұл мәселені түбегейлі шешпейді. Отандық сарапшылар келер жылы оңай болмайтынын мойындап, экономика 11 пайызға дейін төмендейтінін айтады.
Индира Бегайдар