Қарақалпақстандағы қазақстандықтарға көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды. Бұл туралы Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі хабарлады. Штаб Нөкіс қаласы Пушкин көшесі, 22-үйде орналасқан көші-қон және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимаратында орналасқан.