Құмай тазы құрып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құмай тазы құрып барады

23.09.2014
Құмай тазы құрып барады

Өткен ғасырда қазақ даласында 10 мыңнан астам тазы болған екен. Ал Астана іргесінде өткен жарысқа 200-ге жуығы келді. Оның тең жартысы жәй ғана арық ит, тазы емес.

Біздің тазы жеке бір түр, тұқым ретінде еш жерде тіркелмеген. Олқылықты түзеу керек.

Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан күні кеше тазылардың байқауын ұйымдастырды. Елдегі бүкіл жүйрік итті алдырып, дене-тұрқын өлшетіп, таза қанды тазының жалпыға ортақ стандартын жасады.

Тазы ит аштық заманында қазақтың талайын аман алып қалып еді. Енді қазақ тазыны аман сақтауы қажет болып тұр.

Нұрбек БЕКБАУ

 

Хабарламаларға жазылу