Биыл еліміздегі тауар айналымы 40%-ке артып, 39 млрд доллардан асқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл еліміздегі тауар айналымы 40%-ке артып, 39 млрд доллардан асқан

04.07.2022

Биыл төрт айда еліміздегі тауар айналымы былтырғы жылмен салыстырғанда 40%-ке артып, 39 млрд доллардан асқан. Шет мемлекеттерге 26 млрд долларға тауар экспортталды. Ал импорттың үлесі 13 млрд доллардан артық. Сәуірге дейін Қазақстан 160 елмен сауда-саттық жасады. Қаңтардан бері Ресейдің біздің импорттағы үлесі 39%-ға қысқарған. Азияның ішкі нарыққа тауар тасымалдаудағы үлесі 27 пайызға өсті. Дегенмен бұған дейін «Атамекен» палатасының өкілдері Қазақстанда азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін деп болжаған. Сарапшы сондықтан шағын шаруа қожалығын ашқысы келетін азаматтарға мемлекеттік қолдау қажет екенін айтады. Сонымен бірге шаруашылықпен айналысатын халықтың елді мекендерден қалаға жаппай көшуі де – өзекті проблема. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу