СІМ: Бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ: Бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз

04.07.2022

Елдің Сыртқы Істер министрлігі Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады. «Өзбекстан –бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Сондықтан Қазақстан соңғы күндері Өзбекстан Республикасында болған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады. "Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз, әрі қолдаймыз. Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз» делінген мәлемдемеде.

Қазақстан азаматтары шекарада қалып қойды

Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі шекарадан өте алмай жатқан Қазақстан азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады. 50 шақты адам Қазақстан мен Қарақалпақстан арасындағы Дәуіт ата бекетінде қалып қойған. Себебі екі жақта да жол жабық. Сыртқы істер министрлігі бұл жағдай ерекше бақылауда екенін айтты. Қазір өзбек тарапымен келіссөздер жүріп жатыр. "Азаматтарымыз үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген, олармен тұрақты байланыстамыз" деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу