Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақытылы қабылданды деп есептейді. Бүгін Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елге Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды сәтті өткізуіне тілектестік білдірді. Және де бұл оқиға бауырлас Өзбекстанды жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті. Сонымен қатар әңгіме барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселе талқыланды.