Қ.Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

18.03.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары коронавирус пандемиясының таралу жағдайын талқылап, осы індетке қарсы күреске байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасты. Шавкат Мирзиёев қазақстандық әріптесінің дер кезінде қабылдаған шұғыл шешімдері мен нәтижелі іс-қимылдарын қолдайтынын айтты. Әңгіме барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақты одан әрі нығайту туралы ортақ пікір айтылды.


Хабарламаларға жазылу