Елімізде жыл басынан бері жол апатынан 70-тен аса бала қаза тапқан. Ішкі істер министрлігі осындай ақпарат таратты. Жалпы, мыңнан аса жол-көлік оқиғасынан балалар зардап шеккен. Соның салдарынан мың жарымға жуық жасөспірім жарақат алған. Ведомство өкілдері ата-аналарды балаларына жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, қайғылы жағдайлардың алдын алуға шақырды. Сондай-ақ, өткен жарты жылдың есебі бойынша 6 мыңнан астам адам жол-көлік апатынан жарақат алған. Көз жұмғандар саны мыңға жуық. Жол-көлік оқиғасының көбіне жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін бұзуы себеп. 95 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады.