Тбилисиде мыңдаған адам бейбіт шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тбилисиде мыңдаған адам бейбіт шеруге шықты

04.07.2022

Грузия астанасы Тбилисиде мыңдаған адам бейбіт демонстрацияға шығып, елді Еуропа одағы мен НАТО-ға қосуды талап етті. Айта кетсек, маусымда Украина мен Молдова «Қарт құрлықтағы» интеграциялық блокқа өтуге кандидат атанды. Еурокомиссияның мәлімдеуінше, Грузия мұндай мәртебе алу үшін, сайлау және сот жүйесін реформалап, сөз бостандығын нығайтуы керек. Шерушілер болса, республиканың үміткерлік статусын алуына қазіргі билік кедергі деп есептейді. Жергілікті басшылық мұны жоққа шығарып, Грузияның 30 жылдан бері еуроинтеграцияға ұмтылып келе жатқанын мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу