Ауқымды шара аясында «Алтын домбыра» өнер орталығының 200 шәкірті бір уақытта, қазақтың бірнеше күйін орындады. Акция аясында қала тұрғындары мен қонақтар арасында ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Еліміз бойынша барлық аймақты қамтитын шараның мақсаты - өскелең ұрпақтың домбыраға деген қызығушылығын оятып, дәстүрлі музыка өнеріне баулу.
Нұржан Жетпісбаев, «Amanat» партиясы жастар қанатының төрағасы:
Негізгі мақсатымыз - халық арасында ұлттық өнерді дәріптеу.Осы домбыра аспабын насихаттау
Ибрагим Ескендір, «Алтын домбыра» өнер мектебінің көркемдік жетекшісі:
Қасиетті қара домбырамыз біздің бар болмысымызды, ұлттық мәдениетіімзді қос ішекке сыйдырған жалғыз ғана аспап.Сондықтан біздің балаларымыз домбыраны білуі керек.