Стамбұлдың тарихи жерлерінде қазақтың күйі шертілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұлдың тарихи жерлерінде қазақтың күйі шертілді

26.03.2024

Наурыз мерекесіне орай, Ыстамбұлдың тарихи жерлерінде домбырашылар күй шертті. Ерекше флеш-мобты Қазақстанның бас консулдығының мұрындық болуымен, домбырашылар курсының шәкірттері өткізді. Византия дәуірінен қалған жер астындағы Йеребатан Сарынжы су қоймасында, сондай-ақ, Сұлтан Ахмет мешітінің алаңында күй тартқан домбырашылар көпшіліктің ықыласына бөленді.

Қазақтың ұлттық киімін киген жастар күй тыңдауға жиналған шетелдіктерді Наурыз мейрамымен құттықтап, ұлттық аспабымыз туралы мағұлмат берді.

Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу