Комиссия отырысы: Коронавирустың алдын алу шаралары қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Комиссия отырысы: Коронавирустың алдын алу шаралары қабылданды

01.07.2022

Эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары деңгейі енгізілген жағдайда елде бірқатар шаралар қабылданады. Олар: науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру, COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру, жабық жерлер мен қоғамдық көлікте маска тағу, 10-нан астам адам қатысатын жиынды онлайн форматта өткізу.

Бұл туралы індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды. Эпид ахуалға қарамастан әуеде, поездар мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады. Елде өткен аптамен салыстырғанда ковид жұқтырғандар саны 2,9 есеге артқан. 80 пайызы екпе алмағандар немесе соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткен адамдар.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу