Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді. Жиында мемлекет басшысы блокчейн технологиясы мен цифрлық валюталарды енгізу мәселесіне назар аударды. Сондай-ақ қаржы пирамидаларымен күресті күшейту қажет. Қаржы секторы алаяқтық белгілері бар ұйымдарды алдын ала анықтауға, жедел әрекет етуге дағдылануы тиіс деді президент. Бұдан бөлек, банктер экономиканы несиелеуде белсенді болуы керек. Әсіресе шағын және орта бизнесті қолдауға келгенде қалыс қалуға болмайды. Елімізде қауіпсіз атом және сутегі энергетикасын дамыту жайы да сөз болды. Осы ретте болашақта білікті физиктерді, атом саласындағы кадрларды, инженер мамандарды даярлауға мән беруіміз керек. Әрі президент Түркияның «Аккую» АЭС-ін салудағы тәжірибесін жан-жақты зерделеуді тапсырды.
Досжан Маратұлы