Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді

21.10.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысын өткізді. Маңызды жиынды ашқан Президент алдымен жиналғандарға кеңестің негізгі міндетін атап өтті. 

Отырыста Реформалар жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сэр Чума Чакраборти және премьер-министр Асқар Мамин баяндама жасады. Оларды мұқият тыңдаған Президент еліміздің экономикасын жаңа белеске көтерін реформа қажет екенін қадап айтты. Айтуынша ол үшін жаңа көзқарас, жаңа идея керек. Осы ретте Мемлекет басшысы 2025 жылға дейінгі еліміздің даму стратегиясына ерекше тоқталды. Барлық мемлекеттік органдар осы құжатты негізге алып жұмыс істеуі керек деді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік салаға да ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Айтуынша қазір осы бағытта Әлеуметтік кодекс әзірленіп жатыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 
-Біздің алдымызда мемлекеттің даму стратегиясы мен тәсілін өзгерту міндеті тұр. Ел азаматтары бізден жаңа шешімдер мен мүлдем жаңа көзқарас күтіп отыр. Бұл тұста реформалар жөніндегі жоғары кеңес негізгі рөл атқаруы тиіс. Ұлттық экономиканың бәсекеге түсу қабілетін күшейтіп, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін дәл осы кеңесті өте күрделі мәселелер жөнінде шешімдер қабылданатын болады. 

Досжан Маратұлы 

Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырыс Мәжіліс сайлауы-2021

Хабарламаларға жазылу