Таразда дәмхана мен тұрғын үй өртке оранды. Оқиға түнде болған. Қызыл жалын алдымен тұрғын үйдің асханасынан тұтанып, қасында жапсарлас орналасқан дәмхананы шарпыған. Салдарынан тұрғын үйдің асханасы және дәмхананың жаздық алаңы жанып кетті.
Өртке қарсы төтенше жағдай департаментінен 26 өрт сөндіруші мен 5 техника жұмылдырылып, тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды. Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.
Қайрат Оразбаев, Тараз қалалық ТЖБ бас маманы:
Қазіргі уақытта өрт оқиға орынында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің анықтаушылары жұмыс істеуде. Өрттің шығу себебін анықтау үшін, техникалық сараптама тағайындалды.