Алматыда жеделсатыда бір адам жарақаттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жеделсатыда бір адам жарақаттанды

30.06.2022

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жеделсаты үлкен жылдамдықпен 25-қабатқа бір-ақ көтеріліп, нысанның төбесіне соғылды.

Оқыс оқиғадан 1 адам зардап шеккен. «Mega Towers» кешені тұрғынының айтуынша, отбасымен бірге 4-қабаттан түсіп келе жатқан. 1-қабатқа келгенде, қалған адамдар түсіп үлгеріп, бір тұрғын қалып қояды. Артынша лифт есігі жабылмастан, жылдамдықпен жоғары көтеріліп кеткен.

Бейнекадрларға қарағанда, тұрғын қолын жарақаттап алған.

Оқиға бойынша Бостандық ауданы полициясы тексеріп жатыр. Мән-жайды анықтау үшін апат орнына Тұрғын үй саясаты басқармасының мамандары да барды, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.


Хабарламаларға жазылу