Ресей армиясы украин жауынгерлерін Лисичанск қаласы маңында қоршауға алуға әрекет жасап жатыр. Бұл – Луганск облысындағы Мәскеудің бақылауына өтпеген - соңғы территория. Британия қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ресейліктер Лисичанск үшін шайқаста бірте-бірте алға жылжып барады. Ал бұған дейін Северодонецктен шегінген украиналық сарбаздар қоршауға түспеу үшін, қарсылықты тоқтатпай отыр.
Ресей Луганск облысының 95 пайызын, Донецк аймағының жартысына жуығын басып алды. Вашингтондағы Соғысты зерттеу институтының дерегінше, Украина әскері қалалардан жай кетпей, Ресейдің адам күші мен ресурстарын сарқып, қауіпсіз позицияларды иеленуге әрекеттеніп жатыр.
Арыстан Рысбек