Елімізде еңбекақы төлеу қорынан біріңғай төлем жасау ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде еңбекақы төлеу қорынан біріңғай төлем жасау ұсынылды

29.06.2022

Елімізде еңбекақы төлеу қорынан біріңғай төлем жасау ұсынылды. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің айтуынша бұл мәселенің көтерілгеніне екі жылдың жүзі болды. Алайда іске асатын түрі жоқ. Сондықтан Мәжілісте өткен «Amanat» фракциясының жиынында жауыр болған өзекті мәселе тағы қозғалды. Рустам Жүрсіновтың айтуынша, қазір жұмыс берушілер еңбекақы қорынан салық, медициналық сақтандыру, зейнетақы секілді 5 төлем төлейді. Бұл есепшілердің жұмысын қиындатып, жұмыс берушілерді қағазға көміп отыр. Сол үшін бұл процесті барынша жеңіл етіп, біріңғай төлем жасау ұсынылды. Фракция төрағасы да бұл шаруаны жеделдету қажет деді. Өйткені бизнеске жүктемені азайту басым бағыттардың бірі. 

Хабарламаларға жазылу