Қазір адам жұмысты емес, жұмыс адамды іздейтін болды. Бұл әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында қабылданған «Іс-қимыл бағдарламасының» нәтижесі. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында осылай деді. Қаңтар оқиғасы бізге үлкен сабақ болды. Сондықтан аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жаңа бағдарлама көпшілік талқысына салынды. Бір апта ішінде 2,5 мың адамнан ұсыныс түскен-дейді өңір басшысы. Ал, олардың 60 пайыздан астамы жұмыспен қамту мәселесін көтерген. Содан бергі нәтиже жаман емес.
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Жаңа бағдарлама қабыланғаннан кейін 6 мыңға жуық тұрғындар тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды. Бұған қол жеткізу үшін нені өзгерттік? Алдымен жұмыспен қамтудың мобильді орталықтарын жасақтап, жаңа тәсіл еңгізілді. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері бос жұмыс орындары бар кәсіпорын өкілдерімен адамдар көп жиналатын орындарға барып, жұмыс ұсынады. 19 білім беру мекемесінде жастар орталығы ашылды. Мақсаты жас мамандарға қажетті жұмыс тауып беру.
Жаңа бағдарлама 10 бағыт бойынша 100 ге тарта іс-шараны қамтиды. Оның ішінде тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, дәрігерлік көмекті дамыту, оқушыларға тегін ыстық тамақ беру және балалардың қоғамдық көліктерде тегін жүруі қарастырылған.
Болат Аманбаев