Атырау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

27.06.2022

Атырау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31 шақырымында болды. Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson маркалы автокөліктер бір-бірімен соғысқан. Салдарынан Hyundai Tucson-ның 1985 жылы туған жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Ал, екінші көліктегі адамдар аман қалды. Олар түрлі дене жарақатын алған. Облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу