Атырауда бағалы бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдағандардың жолы кесілді.
Оқиға қала іргесіндегі Дамбы ауылының маңында болды. Инспекторлар теңіз бағытынан келе жатқан қос моторлы ямаха-200 қайығын тоқтады. Алайда су көлігіндегілер талапқа бағынбай қаша жөнеледі. Кейін ауыл маңына тоқтап ізін суытып үлгереді. Қайықтан қапқа бөлініп салынған 534 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді.
Полиция 3 браконьерді іздеп жатыр. Қазір тергеп, тексеру жүргізілуде.
Осыған ұқсас жағдай Дамбы ауылында мамыр айында да болды. Ол кезде құрудың аз-ақ алдында тұрған 67 келі бағалы балық түрі тәркіленген.